ТҮЗУ ЖОЛҒА САЛУ – МІНДЕТІМІЗ

464

0

«Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы» әзірлеген «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтуды ұйымдастырудың бірлескен іс-шара жоспары» Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы және осы салаға қатысты дербес мекеме басшыларымен келісіліп, 2018 жылдың 30 қаңтарында бекітілді.
Қазақстан Республикасының түзеу мекемелерінен жазасын толық өтеп шыққан, пробация қызметі мен жергілікті полиция қызметтерінің есебінде тұрған 247 адам есепке алынды. Есепке алынған азаматтармен кездесу жүр­гізіліп, оларға әлеуметтік карта толтырылып жеке істері ашылды. Оның ішінде 30 жасқа дейінгі азаматтар – 60, 40 жас­тан асқандар – 158, 50 жастан асқандар – 29. Есепке алынғандардың 3-еуі қайта қылмыс жасаған.
Жергілікті полиция қызметінің полиция инспекторы түзеу мекемелерінде жазасын өтеп келген азаматтардың мекен-жайларында болып, олардың туған-туысқандарымен кездесіп, 8 адамға зерттеу актісі жасалды.
Осы жылдың 9 айында 141 адам жұмыспен қамтылды, оның 33-і орта­лық мамандарының ықпалымен тұрақ­ты жұмысқа орналастырылды, өзін-өзі жұмыспен қамтып, жұмыстан бас тарт­қандар – 108, ақылы қоғамдық жұмысқа орналасқандар – 7. Қысқа мерзімді қайта даярлау курстарына 5 азамат жолданып, оның 2-і оқу курсын аяқтады. Мекеме мамандары жазасын толық өтеп шыққан және пробация қызметінің есебінде тұрған 325 азаматқа құқықтық көмек көрсетті. Психологтар 329 адамға көмек берді, оның 325-і пробация қызметінің есебінде болса, 4-і жазасын толық өтеп шыққан.
2017 жылдың 6-желтоқсанында Қызылорда қаласы әл-Фараби шағын ауданы тұрғыны, бұрын сотты болған 1989 жылы туылған Ж.Жарасбаев жұ­мысқа тұруға көмек сұрап арызданған. Жүргізілген тексеруде Ж.Жарасбаевтың дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша оқығаны мен ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының 3 дүркін чемпионы, 8 мәрте жүлдегері болғаны және жасаған қылмысы үшін өзін-өзі кінәлі сезінетіндігі анықталды.
Мекеме тарапынан Ж.Жарасбаевқа құқықтық, психологиялық көмек көрсе­тіліп, жұмысқа тұру үшін қолына өтінім-пікір дайындалып берілді. Нәтижесінде ол облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қайсар» ойын түрлері бойынша спорт клубы» КМҚК-ға штаттық бірлікпен әдіскер қызметіне қабылданып, қазіргі уақытта жұмыс жасауда.
Біздің   қызметкерлермен   жыл    басынан бері  «Өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арнал­ған орталыққа» 7 адамды орналастырды, оның 3-і жазасын толық өтеп шыққан.
Мекеме қызметкерлері Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу (ЗК-169/1 изоляторы, ЗК-169/4 Тартоғай ауылы және ЗК-169/5) мекемелерінде болып жазасын өтеп жат­қандармен кездесу өткізіп, оларға мекеме міндеттері мен миссиялары және бо­сатылғаннан кейінгі көрсетілетін құқық­тық, психологиялық және әлеу­мет­тік көмектер туралы мәлімет берді және олардың тарапынан қойылған сұрақтарға орай түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 2018 жылдың 9 айында түзеу мекемелерінде «Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы 8 рет өткізілді.
Оларды жұмыспен қамту мақсатында қалалық жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағдарламалар бөлімінің ұйымдас­тыруымен «Бос жұмыс орындары жәр­меңкесіне» қатыстыруға мүмкіндік жа­­сау­дамыз. Жәрмеңкенің нәтижесі бойынша түзеу мекемелерінен босап шыққан және пробация қызметінің есебінде тұра­тындардан 17 азамат жолдама алып, тұрақ­ты жұмысқа орналасты.

Х.ЕМБЕРГЕНОВ,
«Қылмыстық жазасын өтеген
 адамдарды әлеуметтік бейімдеу
 мен оңалту орталығының» әлеуметтік маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<