Қуатты армия – ел тірегі

532

0

Саптағы сарбаз қашан да, қандай жағдайға да дайын болу керек. Бұл – әскерилердің бұлжымас қағидасы. Облыс бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департамент осы мәселені басты орынға қойып, жылды қорытындылады. Мақсат – айқын, бағдар – нық. Биылғы жоспар да орындалып, жүйелі жұмыс оң бағасын алды. Жиынға Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, бағыныстағы басқарма мен  бөлімдердің әскери және азаматтық қызметшілері қатысты.

Шарада сөз алған департамент бастығы, полковник  Еркінбек Байболов Қорғаныс министрлігінің алқа отырысында көтерілген мәселелері мен талаптарын жұртшылыққа жеткізді.

– Еліміз осы жылы Тәуел­сіздік дәуірі үшін теңдессіз бір­қатар маңызды саяси оқи­ғаларды бастан кешірді. Адал, әділ және бәсекелі сайлау аясында қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Жоғарғы Бас қол­басшы қойған Қарулы Күш­тердің басты міндеті – елі­міздің егемендігі мен ау­мақ­тың тұтастығын әскери құ­рал­дармен қамтамасыз етуге ұдайы әзірлікте болу. Офи­церлер, сержанттар әскери қыз­меттің қиындығы мен ауырт­палығына табан­ды­лық­пен төзіп, азамат­тары­мыздың бейбіт өмірін қорғай отырып, күнделікті еңбегімен еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға үлес қосуда, – деді Еркінбек Серғалиұлы.

Жиында жыл қорытындысы бойынша  жауынгерлік және  жұмылдыру дайындығында жет­кен жетістіктері үшін Шиелі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі І, Жаңақорған ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі ІІ, Қызылорда қалалық Қорғаныс істері жө­ніндегі басқармасы ІІІ орынды жеңіп алды. Сонымен қа­тар, бірқатар әскери және аза­маттық қызметшілер департа­мент бас­тығының алғыс хатымен марапатталды.

Ақтоты БҮРКІТБАЙ,

облыс бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің баспасөз маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<