ҰБТ-да 500 түлектің тест нәтижесі жойылды

954

0

ҰБТ-да тестіленуші 85 мың түлектің 500-ге жуығының нәтижесі жойылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Достар, тест тапсырмаларын немесе олардың үзіндісін аудиториядан шығару – ереже бұзушылық саналады. Сондықтан ҰБТ нәтижесі жойылады. Осы күнге дейін 85 мың тестіленушінің ішінен бес жүзінің нәтижесі жойылды. Және тест тапсырмаларын шығарып, таратудың да еш мәні жоқ – тест базасы күнде жаңарады!», – деп жазды Смағұлов Facebook-те.

Бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «1 қыркүйекте балалар мектепке бара ма?» деген сұраққа жауап берген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<