ҰБТ-ға өтініш беру 9 қаңтарға дейін ұзарды

375

0

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің желідегі парақшаларында дүйсенбі күні ақпарат жарияланады.

«Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш беру 9 қаңтарға (қоса алғанда) дейін ұзартылады. Өңірлерде қосымша орындар ашылады. Бұл туралы ақпарат парақшада дүйсенбі күні жарияланады» деп келтірілді министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар министрліктегілер азаматтардан бос орындар туралы жалған ақпарат таратушыларға сенбеуді және өзекті жаңалықтарды тек ресми ақпарат көздерінен, яғни әлеуметтік желілердегі министрліктің, Ұлттық тест орталығының парақшаларынан және www.testcenter.kz сайтынан оқуды сұрады.