Америкалық актрисаның Z ұрпақтары туралы пікірі қоғамда дау туғызды

503

0

Фото: ашық дереккөз

Америкалық актриса, Оскар сыйлығының иегері Джоди Фостер Z ұрпақтың өкілдері туралы айтқан сөзі үшін сынның астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC News Русская служба басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фостер жастармен жұмыс істеу қиын екенін айтты. Сөзінше, олар ұқыпты емес, өздеріне жүктелген міндетті дұрыс атқармайды, жұмысқа  өз уақытында шықпайды, үнемі шаршайтындары туралы шағымдары бітпейді. Сауатсыз жазады, грамматикалық сауаттарының төмендігі тағы бар. 

“Олардың әрекеті жүйкеге тиеді, әсіресе, олармен жұмыс істеу керек болған кезде”, – деді актриса. 

61 жастағы өнер адамының бұл сөздері әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды. Желі пайдаланушылары Фостерді буын өкілдері арасында жанжал туғызуға және іріткі салуға тырысты деп айыптады. Олардың пікірінше, Фостер және басқа да аға буын өкілдері жастардың алдында жауапкершілікті сезінбейді. Ал Z ұрпақтың осындай болып өсуіне аға буын өкілдерінің тікелей әсері барын жеткізді. 

«Бүкіл ұрпақтың сынау ұрпақтың өзінен гөрі сыншы туралы көбірек айтады», – деп жазды желі қолданушылардың бірі.

«Джоди Фостердің Z буынына шабуылын көру қызықсыз. 18-20 жас аралығындағы әрбір ұрпақ әрқашан бір нәрсе үшін сынға ұшырайтыны анық. Ал сыншылардың өздері жас кезінде тәкаппар, жалқау, ебедейсіз болғанын ұмытпауы керек», – деп санайды тағы бір желі қолданушысы.

Фостердің белгілі бір адамдармен ғана жұмыс істеп, тұтас ұрапқ туралы қортынды жасағаны көпшіліктің ашуын туғызды. 

Әлеуметтік желідегі белсенділер де өнер адамының бұл пікірін жоққа шығарып, жас ұрпақты қорғауға тырысты. 

«Менің Z буынының қызметкерлері әрқашан жұмысқа уақытында келеді және өз міндеттерін толық орындайды. Мүмкін Джоди жай ғана нашар бастық шығар немесе олардың міндеттері қандай екенін дұрыс жеткізе алмаған болу керек. Нашар менеджерлер өздерінен басқаларын жұмыстағы жанжал жағдайларына кінәлайды», – деп жазды әлеуметтік желі қолданушысы.

Кейінірек актриса жас ұрпақ туралы осындай пікір айтуы өзінің ұлдарының бірінің тәжірибесіне негізделгенін түсіндірді.

Фостердің 1998 және 2001 жылы туған екі баласы бар. Актриса 2014 жылы біржынысты некеге тұрды, ал оның балалары 1990 жылдардың басынан бері тек әйелдердің қолында тәрбиеленді.

Оның айтуынша, үлкен ұлы мектепті бітірген кезде, ер адам болу дегеннің не екенін ойлап, интернет пен әлеуметтік желілерден зерттей бастаған. Ал нәтижесін көргеннен кейін қате қортынды жасағанын айтқан. 

Фостердің айтуынша, оның ұлы қазіргі заманғы ер адам өзімшіл болуы керек, әйелдерге немқұрайлы қарап, басқалардың сезімдеріне мән бермей өзін ұстауы керек деп шешкен.

«Мен аң-таң болып, оған: «Жоқ, мұның еркектікке ешқандай қатысы жоқ. Біздің мәдениет сенің осылай ойлауыңа түрткі болуда дедім», – деп жазды актриса.

Ол сондай-ақ өзінің өмірлік және әртістік шеберлігінен тәжірибе алғысы келсе, жас әріптестеріне көмектесуге, қолдау көрсетуге әрқашан дайын екенін жеткізді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<