Үй құрылысы комбинаты жұмысын бастады

382

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Құрылысшы күні қарсаңында Қызылордада ашылған үй құрылысы комбинатындағы  салтанатты рәсімге қатысты. Аймақ басшысы жерлестерін жаңа өндіріс орнының салынуымен құттықтады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтай жиынында «Әділетті Қазақстанда еңбекқор адам ең сыйлы адам болуы тиіс. Маңдай термен тапқан әр тиын – нағыз ардың ісі» екенін айтты. Ал адал еңбек етуді ұстанымға айналдырған құрылысшылар қауымын бағалап, лайықты құрмет көрсету – біздің міндетіміз! Темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауытты іске қосу аймақтағы құрылыс саласын, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым жүйесін дамытуға жол ашады. Мұндай өндірістер бізге құрылыс шығындарын едәуір азайтуға, импортқа тәуелділікті төмендетуге, сондай-ақ капиталдың шетелдерге кетуін шектеуге  мүмкіндік береді, – деді аймақ басшысы.

Мерекелік іс-шарада құрылыс саласының ардагері Ақмұрат Мадияров құттықтау сөз сөйлеп,   Қызылорда облысының Құрметті азаматы Жарылқасын Шәріпов бата берді.

Айта кетейік, үй құрылысы комбинаты еден, жол плитасы, іргетас блоктары, маңдайша, таспалы іргетас, баспалдақ сияқты өнімдер шығарады. Жаңа зауыт сағатына 80 текше метр тауарлы бетон және 120 текше метр темір- бетон бұйымдарын өндіре алады. Кәсіпорында 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<