Үкіметтік емес ұйым өкілдері кездесу өткізді

269

0

Бүгін Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлының үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуі өтіп, оларды толғандыратын сұрақтар мен мәселелер талқыланды.

Талғат Тұрсынұлы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласы бойынша а.ж. басынан бері атқарылған жұмыстарымен таныстырып, ауыл шаруашылығына қатысты мал шаруашылығын дамыту, сүт өнімдерін көбейту, фермалардың ашылуы және егін шаруашылығының түрлерін көбейту мен егіндікті сумен қамтамасыз ету жұмыстары туралы толық ақпараттар берді.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тарапынан берілетін көмектер, оның ішінде субсидиялар мен қайтарымсыз қаржылай қолдаулар және екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылатын «Кең дала-2» бағдарламасы, «Даму» қоры арқылы берілетін қаржылардың көлемі туралы ашып айтты.

Шара соңында үкіметтік емес ұйымдар тарапынан мал, егін шаруашылығынан алынған шикізат өнімдерін ысырап қылмай, оларды өңдеп, халыққа дайын өнімдерді ұсыну жұмыстарын ілгерілету бойынша сұрақтар қойылып, сала басшысы тарапынан тиісті жауаптар айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<