Үкіметтік емес ұйымдардың дамуына бағытталған қоғамдық тыңдаулар өтеді

342

0

Қызылорда облысында үкіметтік емес ұйымдардың дамуына бағытталған қоғамдық тыңдаулар өтеді. Шаралар 9-17 қыркүйек аралығында ашық жиналыс форматында өткізіліп, облыстағы азаматтық қоғамның дамуы мәселелері талқыланады. 

  Қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен КЕАҚ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қаржысымен «Қызылорда облысында «Бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» жобасы аясында:

09 қыркүйек сағат 12.00-де Қармақшы ауданы, «Жыраулар үйі» мекен – жайында тақырыбы  «Еріктілер бастамасы: Даму. Мотивация. Тәжірбие».

09 қыркүйек сағат 16.00 – де Сырдария ауданы, ішкі саясат бөлімінің ғимаратының конференц-залында, тақырыбы  «Еріктілер бастамасы: Даму. Мотивация. Тәжірбие».

11 қыркүйек сағат 16.30-да Шиелі ауданы, «Арман» Мәдениет Үйі мекен-жайында, тақырыбы «Үшжақты өзара серіктестік тетіктерін жақсарта түсу жолдарының нақты ұсынымдарын талқылау».

16 қыркүйек сағат 11.30-да Қазалы ауданы, аудандық әкімшілік ғимаратының конферен-залында, тақырыбы «Жергілікті қауымдастық мәселелерін шешудегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі».

17 қыркүйек сағат 11.30-да Арал ауданы, «Абай» кітапханасы мекен-жайында, тақырыбы «Жергілікті қауымдастық мәселелерін шешудегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі».

Ұйымдастырушы: «Умай» Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі үкіметтік емес ұйымы

Қоғамдық тыңдау жұмысына Қызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдары өкілдері, мемлекеттік органдар және БАҚ өкілдері, сондай-ақ кез-келген қатысуға ниет білдірген үкіметтік емес сектор еріктілері қатыса алады.

Қатаң карантин жарияланған жағдайда қоғамдық тыңдау онлайн режимде бейнебайланыс арқылы Zoom желісінде өткізілетін болады.  

Қоғамдық тыңдаулар құжаттары npokzo.kz сайтының «Қоғамдық тыңдаулар» бөлімінде орналастырылатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<