ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен су тасқыны мәселесі қаралды.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «Қазгидрометтің» болжамы бойынша республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 31 қаңтар мен 4 ақпан аралығында қар араласқан қатты жауын-шашын болып, температура көтерілетінін хабарлады. Оның айтуынша, қалың қардың еруінен су жиналып, бұл өз кезегінде мұздың күрт еруі мен өзендерде су деңгейінің көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін.
Осыған байланысты Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Жетісу облыстарына 30 қаңтардан бастап азаматтық қорғау бөлімшелерінің жұмысын күшейту тапсырылды.
Премьер-Министр өңірлердің әкімдіктері ТЖМ-мен бірлесіп, қажетті шұғыл шаралардың барлығын қабылдауы қажет деді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<