«Үлгілі аудан орталығы»: Арал қаласы – қола жүлдегер

189

0

Фото: Арал ауданы әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығына сәйкес аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен өткізілген облыстық “Үлгілі елді мекен” конкурсының жеңімпаздары анықталып, байқау нәтижесімен Арал қаласы облыстағы «Үлгілі аудан орталығы» номинациясының жүлделі ІІІ орын жеңімпазы атанды. Нәтижесінде қаламыз тіркемесімен тиегіш-трактор көлігін иеленіп отыр.

Бүгін облыс әкімі «Үлгілі елді мекен» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау шарасына қатысып, үздік шыққан елді мекендерге коммуналдық техникалардың кілтін табыстады.

«Тазалық пен ұқыптылық күнделікті өмір салтымызға айналуы қажет. Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы ең алдымен басқа біреуге емес, өзімізге керек. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға жанашыр көзқараспен қарауы тиіс» – деп Мемлекет басшысы басымдық берген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<