Үміт отын жаққандар

869

0

Ақ халаттылардың қауіпті індетпен күрестегі ерен ерлігіне мен де куә болдым. Қызылорда қалалық ауруханасында он күннен астам емделіп, тәуір болып шықтым. Халықтың денсаулығын ойлап, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айы­рылған әр дәрігерді көргенде көңілің босайды. Олар үшін науқастың ауруынан айығып, отбасымен қауышқаны бірінші кезекте тұрады.

Қалалық ауруханада Бақыт­жан Қосанов пен Ақбота Жоламанова бастаған медицина мамандары мені жедел қабылдап, тиісті ем-шара қолданды. Тәндегі дертті емдеу үшін, жаныңның тереңіне бойлап, көңіліңді аулайды. Тіпті, емдеу мекемесіне ауырып келгеніңді де ұмытып қаласың. Міне, келген жанның көңіліне медет сыйлап, үміт отын жағуды олар емнің алғашқы міндеті санайды. Мен осы нәрсені ұғындым.

Газет беттерінен дәрігердің «Соңғы науқас дертінен айық­қанша, үйге қайтпаймын» деген мағынадағы сөздерін оқып, ерекше жылулыққа, мейірімге бөленгендей қуанасың. Олар­дың халық саулығын жақсартуға жанын салып жатқанына қарап, сүйсінесің. Дәрігерлер қандай құрметке де лайық.

Адам өміріне араша болып, қолынан келген бар көмегін жасаған, науқаспен бірге қуанған олар – өздерін осы салаға арнаған жандар. Менің ақ халаттыларға алғысым зор.

Алтыншаш САҒИҚЫЗЫ,

зейнеткер.

Қызылорда қаласы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<