Үндістаннан Қазақстанға әкелінген тырысқақ ошағының көзі жойылды

2071

0

Сурет: gov.kz

Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Дели-Алматы бағыты бойынша Air Astana әуе компаниясы рейсінің бортында тіркелген тырысқақ ошағының сәтті жойылғандығын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының жедел іс-қимылдары ел ішінде тырысқақтың таралуын болдырмай, инфекцияны уақтылы анықтауға және оқшаулауға мүмкіндік берді.

«Байланыста болған адамдардың зертханалық зерттеулерінің нәтижелері – теріс, 154 адамнан медициналық бақылау алынып тасталды. Сырқаттанған Қырғыз Республикасының азаматы емделуден сәтті өтіп, жақсы нәтижемен стационардан шығарылды. Қазіргі уақытта ол Бішкек қаласына кетті», – делінген ведомство хабарламасында.

Халыққа, әсіресе Үндістан, Ауғанстан мен Пәкістан секілді елдерді қоса алғанда, тырысқақпен сырқаттанушылық жоғары Африка мен Азияның кейбір өңірлеріне сапар шегуді жоспарлап отырған адамдарға келесі ұсынымдар:

– тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;

– сусындарды салқындату үшін мұзды пайдаланбау;

– тұтынар алдында өнімдерді тиісті термиялық өңдеуді жүргізу;

– жемістер мен көкөністерді тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суда жуу;

– қол гигиенасын сақтау, оларды әр тамақ алдында және дәретханаға барғаннан кейін сабынмен жуу;

– судың аузға кетуіне жол бермей, тек рұқсат етілген су айдындарында шомылу;

– аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеуден аулақ болып, дереу медициналық көмекке жүгіну.

Айта кетсек, 7 сәуірде Дели – Алматы рейсімен ұшып келген жолаушыдан қауіпті жұқпалы ауру анықталғаны белгілі болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<