Үндістанның солтүстігінде нөсер жауыннан 11 адам қаза тапты

233

0

Сурет: pixabay

Үндістанның солтүстігінде нөсер жауын жауып, 11 адам қаза тапты. Оқиға Химачал-Прадеш штатында болған. 50-ден астам тұрғын жоғалып кетті.

Ал Уттаракханд штатында тасқын жүрген аймақта 200-дей адам қалып қойған. Бұдан бірнеше күн бұрын елдің оңтүстігіндегі Керала штатында тасқын мен лай көшкіні жүрген еді.

Табиғи апат құрбандарының саны 280-ге жуықтаған.

Үндістанға көршілес Пәкістанда да алапат тасқын жүрді. Ғалымдар бұл елдердегі нөсер жауын мен тасқынды климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр.

Ал Қытайдың солтүстік-шығысын толассыз жаңбырдан кейін су тасыды.

Ауылдар мен егіс алқаптарын, сондай-ақ өңірдегі басты көлік жолдары судың ортасында қалды.

Апатты аймақ тұрғындарының барлығы дерлік қауіпсіз жерге көшірілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<