«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Қазалы ауданында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер, киелі орындардың аумақтарына тазалық, абаттандыру, көркейту жұмыстары жүргізіліп келеді.
Республикалық акцияға Қазалы ауданына қарасты Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаев атындағы ауылдың тұрғындары да белсене атсалысты. Елді мекендегі жасыл белдеулер мен мекеме-кәсіпорындардың аулаларына тал көшеттер отырғызылып оларға аяқ су жеткізілуде.
Тазалық апталығы аясында ауылдың кіреберісінде орналасқан киелі орындардың бірі саналатын батыр атындағы «Үрмәш бағына» ауыл тұрғындары 500 түп ағаш көшеттерін отырғызды. Айта кетейік ауылдың кіре берісінде орналасқан батыр атындағы бұл баққа түрлі жеміс ағаштарыда отырғызылып, жыл сайын күтіп-баптау жұмыстары жүргізіліп келеді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<