ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұйрыққа өзгерістер енгізіп, үстемақы алатын медицина қызметкерлерінің тізімі кеңейтілді.
Жаңа тізімге мобильді бригада дәрігерлері мен мейірбике, МСАК жанындағы жедел жәрдем қызметкерлері, сондай-ақ әскери-медициналық, орталық атқарушы органдардың сот-медициналық бөлімшелерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының, ҚР ПІБ Медициналық орталығына қарасты ұйымдардың қызметкерлері кірді.
«Инфекция тараған қауіпті жағдайда жұмыс істеген медицина қызметкерлерінің саны эпидемиологиялық жағдайға байланысты ай сайын өзгеріп отырады. Егер наурызда коронавирусқа қарсы жұмыс істеуге 19 мың медицина қызметкері тартылса, мысалы, шілдеде олардың саны 79 мыңға дейін өсті», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында COVID-19-ға қарсы күрес аясында денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне екінші жарты жылдықта ынталандыру ретінде 150 млрд теңге бөлуді тапсырған еді.
Қор жыл соңына дейін медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу үшін қажетті қаржының болжамды есебін жасады, шамамен 135 млрд. теңге қажет.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
облыс бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және
өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<