Биылғы «Үздік мейіргер-2024» атағын №4 қалалық емханының мейіргері Балнұр Күмісбай жеңіп алды.
Ол Қызылорда медициналық жоғарғы колледжінде оқыған. 2019 жылдан бері №4 қалалық емханаға аймақтық мейірбике мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан. Отбасылы, ата-ененің қолында адал келін, 2 қыздың аяулы анасы.
Қазір Тасбөгет кентіндегі 16-аймақ мейірбикесі болып жұмыс жасайды. Аймақта 1400 адам, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 600 бала тіркелген. «Д» есепте тұратын науқас саны – 700-ге жетеді.
Балнұр өз қызметіне адал және халыққа қолынан келгенше көмек беріп жүр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<