Үздік полиция қызметкерлерін қабылдады

990

0

Облыстық полиция Департаментінің бастығы республикалық жарыстарда жүлделі орын алған қызметкерлерді құттықтады

Жуырда Атырау облысында өткен қоян-қолтық ұрыстан жеңімпаз атанған полиция лейтенанты Аманқосов Нұршат пен Қазақстанның бірнеше қаласында грэпплингтен өткен спорттық сайыста үздік шыққан Нұрмахан Ғайниды департамент бастығы Мұхтар Қожабаев қабылдап, жеңіс тұғырынан көрінген қызметкерлерді құттықтады.
Айта кетейік, Атырау облысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен қоян-қолтық ұрыста 80 келі салмақ дәрежесінде Қызылорда облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы полиция лейтенанты Аманқосов Нұршат сынға түсіп, алтын медаль иеленген.
Ал, Тараз қаласында грэпплингтен өткен сайыста 58 кг салмақ дәрежесінде Қызылорда облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы полиция лейтенанты Нұрмахан Ғайни I орынды иеленсе, Шиелі ауданында өткен жарыста 65 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қоржынына екінші алтын медаль түскен. Осы жеңістердің артынша Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақ батыры» Қазақстан Республикасының чемпионатында грэпплингтен 58 кг салмақта Ғайни III орынды иеленген.
Қызылорда облысы Полиция Департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев Республикалық деңгейде Қызылорда облысының намысын қорғап, қызметімен қатар спортқа да үлгеріп жүрген қызметкерлеріміздің отбасына бақыт, жұмысына толағай табыстар тіледі.

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<