Үздік тәжірибелік орталық ашылды

517

0

Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасында үздік тәжірибелік орталық ашылды. Аймақтағы алғашқы орталықтың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов  тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру,  денсаулық сақтау инфрақұрылымын  жетілдіру шаралары туралы айтты. Одан соң «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығының президенті, академик Төлебай Рахыпбеков жылы лебізін білдірдi.

Шарада облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Олжас Ысқақов бастаған медицина қызметкерлері емханадағы «Халық кеңесі», «Медиация» кабинеттерімен, «Отбасылық денсаулық орталығы», «Ғұмырлы ерлер» және әлеуметтік-психологиялық көмек жобасымен таныстырды.

Үздік тәжірибелік орталық жобасы былтырдан бері «Premy Health Care» ұлттық ассоциациясымен бірге алғашқы медициналық көмек көрсететін ұйымдарға жаңа технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта мұндай орталық №3, №6 қалалық емханаларда және Жалағаш аудандық ауруханасында ашылмақ. Орталық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мен халықтың медициналық қызметке қанағаттану деңгейін көтеру мақсатында қызмет ететін болады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<