Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес өтті.
Кеңесте жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу мәселесі көтерілді.
Қазіргі мәліметтерге сәйкес облысымызда 249000 жас бар. Аймақта 10 жастар орталығы жұмыс жасайды.
Биылғы жылдың өзінде жастармен 796 түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды. «Сыр жастары» бағдарламасы бойынша осы жылы 100 жас отбасы баспаналы болады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, NEET санатты жастардың санын төмендетуге біршама басымдық берілді. Соңғы бес жылда олардың саны 2,8 пайызға азайған. Айта кететін жайт, NEET санатындағы жастармен жұмысты ұйымдастырудың арнайы жұмыс жоспары бекітілді. Жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулуға арналған мүмкіндіктер шарасы биыл да өз жалғасын табады. Сонымен қатар, осы жылы барлық аудандарда «еңбек жасақтарын» құруды жоспарлап отырмыз. Алдағы үш жылдықта жұмыссыздық деңгейін төмендетуді, жас кәсіпкерлердің санын арттыруға тиісті басқармалармен жұмыс жасалып жатыр.
Жастар арасында қылмыстықтың алдын алу үшін шаралар атқарылып, жыл басынан бері 67 шара ұйымдастырылды. Мұнан өзге, жастар арасындағы парақшаларын мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жүргізілуде. Бүгінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру басты бағыттардың бірі. Қазіргі күнде «Жас сарбаз» сабағы облыста белсенді жүргізілуде. Алдағы уақытта жастар арасында байланысты күшейту үшін жұмыстар атқарылады, – деді облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов.
Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов жастар тәрбиесіне мұқият болуды, жазғы демалыс кезінде уақыттарын тиімді өткізуді тапсырды.
Сондай-ақ, кеңес соңында Нұрымбет Аманұлы «Сыр үміті» номинациясын өткен жылдың үздік жастарына табыстады.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<