Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Асыл мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен үздік бейнеролик сайысын қорытындылау іс-шарасы өтті. Бейнеролик сайысы тамыз айында жарияланған еді. 5 өтінім түсіп, оның ішінде үшеуі үздік деп танылды. Белсенділік танытқан барлық қатысушылар құнды сыйлықтармен марапатталды. Шараның мақсаты – аудан жастары арасында қазақстандық құндылықтар, салт-дәстүр, отансүйгіштік, отбасы тәрбиесін насихаттау бағытында болды. Ең үздік бейнеролик иесі – Бақытбек Боранбаев, екінші орын иесі – Бейбіт Өтеген, үшінші орын иесі – Ақзер Емберген және ынталандыру сыйлары мен алғыс хат иелері – Досым Салауат пен Алмас Абзал болды.
Қай елдің болмасын басты капиталы оның халқы, соның ішінде жастары болып табылады. Жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені мәлім. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен модернизациялануы, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты.
Жастар – қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына бағыт алып, «Мәңгілік ел» болуына нық қадам бастайды.
Тек бізде ғана емес, әлем жұртшылығы да жастардың алып күш иесі екендігін мойындап, олармен санасады.
«Кез келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады. Тəуелсіз еліміз іргесінің берік болуы білімді мамандардың, отаншыл, ұлтжанды, рухани дүниесі кең азаматтардың қолында», – деп Елбасымыз жастарға зор сенім артқан еді.
Қоғамның тұрақтылығын сақтау, Қазақстан халқының бірлігін нығайту, ұлттық келісімді насихаттау – бүкіл қазақ жастарының міндеті. Сондықтан еліміздің əрбір азаматы басты байлығымыздың Тəуелсіз Қазақстан екенін əрдайым естен шығармауы тиіс.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<