№2 балалар кітапханасы және №140 Абылайхан атындағы қазақ орта мектеп кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсанында «Сүйкімді қыз» байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай қасиеттерге бағыт- бағдар бере отырып, олардың бойында қарапайымдылық, әсемділік, өнерге қызығушылық, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Сайыс төрт кезеңнен тұрды:
1. Таныстыру.
2. Салт — дәстүрге байланысты сұрақтар.
3. Өз өнерін көрсету.(қолдан бұйым жасап әкелу)
4. Сән көрсетілімі (қағаз , пакет және басқа да қолданыста бар заттан көйлек жасап киу).
Мектеп директорының тәрбие оқу ісі жөніндегі орынбасары Оспанова Айтолқын Ибрагимқызы шараны ашып, алғы сөзінде қатысушы қыздарға сәттілік тіледі.
Байқау барысында қатысушы қыздар білімдері мен өнерлерін ортаға салып, жеңімпаз атануға ат салысты.
Нәтижесінде әділ қазылар алқасының шешімімен Айгерім Ибрагим бас жүлде иегері атанса, Айдана Эрхон 1-орын, Арайлым Жолдыбай 2-орын, Динара Ибрагим 3-орын иегері атанды.
Барлық жеңімпаздарға және оқушыларды дайындаған сынып жетекшілеріне қалалық кітапханалар жүйесі атыннан арнайы диплом мен Алғыс хаттар табысталып, бағалы сыйлықтар берілді.
Райкүл Сейдахметова,
№2 балалар кітапханасының
аға кітапханашысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<