Үздіктер марапатталды

572

0

Фото: Шиелі ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Нұржан Ахатов Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында әр саланың озаттарын марапаттады.

Аудан басшысы Шиелі жұртшылығын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауы аясында биыл аймақ басшысының қолдауымен ауқымды жобалар жүзеге асырылғанын, бұл сөзіне 6 бірдей ауылға көгілдір отын, Байсын ауылында 250 орындық мектеп ғимараты, Бала би, Досбол датқа, Бұланбай Бауы елді мекендеріне дәрігерлік амбулатория ғимараттарының салынуы дәлел болатынын айтты.

Сондай-ақ, аудан басшысы биыл пайдалануға берілген тұрғын үйлер, жүзеге асырылған инвестициялық жобалар мен алдағы уақытқа қойылған межелі міндеттерді атап шықты. Олардың ішінде келер жылы Алмалы, Тәжібаев, Ортақшыл, Тартоғай, Бестам ауылдарына дәрігерлік амбулатория салу, жаңадан 100 тұрғын үй мен 900 орындық «Жайлы мектептің» іргетасын қалау сынды ауқымды жұмыстар бар.

Жыл қорытындысына арналған салтанатты жиында сала озаттары мен түрлі номинация иегерлеріне мерейтойлық төсбелгілер мен алғыс хаттар табысталды. Жетістіктерімен көзге түскен өз ісінің нағыз шеберлері, меценаттар, қоғам белсенділері құрмет төрінен көрінді.

@Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<