Ұлағатты ұстаз Рамза Исмайлова 70 жасқа толды

11762

0

Биыл саналы ғұмырын білім саласының дамуына арнаған, ұлағатты ұстаз, білікті басшы, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» Исмайлова Рамза Ысқаққызы 70 жасқа толды.

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет және
талантты шәкірттерінің бірі, жерлесіміз, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов мерейтой иесіне арнайы барып, құрмет көрсетті.

Ұлағатты ұстаз Рамза Исмайлова 70 жасқа толды



«Аналарға тағзым» орталығындағы салтанатты шарада Мейрамбек Зинабдинұлы ұлағатты ұстаздың еңбек жолын сөз етіп, «Құрмет» грамотасын табыстады.

Ал ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Абдуламитұлы тәлім-тәрбие берген ұстазына ерекше ілтипатын білдіріп, ҚР Оқу-ағарту министрінің «Алғыс» хатымен марапаттады.

Сондай-ақ шарада әріптестері ұлағатты ұстаздың жас ұрпаққа білім беру жолындағы еселі еңбегін айтып, саланы дамытуға қосқан үлесін сөз етті.

Рамза Ысқаққызы жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруде шексіз еңбек сіңірген ұлағатты ұстаз.
Еңбек жолын облыс орталығындағы №198 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып бастап, кейін директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мектеп директоры қызметін абыроймен атқарды.

Ұзақ жылдар білім беру ордаларында басшылық қызметте болып, аймақтың білім саласының дамуына айрықша үлес қосты.
Бүгінгі күні шәкірттері республиканың түкпір-түкпірінде қызмет атқарып, ел дамуы жолында зор үлес қосып жүр.

Ардагер ұстаз 1993 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иеленсе, жуырда Республика күні қарсаңында Оқу-ағарту министрінің арнайы қабылдауында болып, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.​

Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<