«Ұлан екеумізді бірге көрмейсіздер»: Балжан Бидаш футболшыға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

481

0

Фото: ашық дереккөз

Отандық әнші Балжан Бидаш футболшы Ұлан Қонысбаевқа қатысты мәлімдеме жасады. Эстрада жұлдызы өз сөзін Instagram парақшасында жариялады.

Өнер иесі Ұлан Қонысбаевпен бірге отандық жобадан шығып қалғанын айтып, көпшіліктің үмітін ақтай алмағаны үшін кешірім сұрады. Сондай-ақ ол тыңдарман енді өзін футболшымен бірге көрмейтінін атап өтті. «Әлі түсінбей жатқандар бар екен. «Егіз-лебіз» жобасынан біз шықтық. Енді Ұлан екеумізді бірге көрмейсіздер», – деп жазды әнші.

Балжан Бидаштың парақшасында жоба мақсаты екеуін әдемі жұп ретінде көрсету болғаны да айтылады. «Бұл – шоу! Жоба екеуін әдемі жұп ретінде көрсеткісі келді. Ол жүзеге асқандай, өйткені бұл жұптың көрермені көп болды», – делінген жазбада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<