Ұл мен қыздан өрбіген ұрпақ қалай аталады?

1542

0

(Ең толық нұсқа)

Өзінен өрбіген шежіре жалғастыратын ұрпақты Қазақ – «Ұл» деген.

Ұлдан туған бала – Немере.

Немеренің ұрқы – Шөбере (Немелтай)

Шөберенің ұрқы – Шөпшек.

Шөпшектің ұрқы – Немене.

Неменеің ұрқы – Жүрежат(кейде некеге рұқсат берген)

Жүрежаттың ұрқы – Туажат(некеге рұқсат)

Туажаттың ұрқы – Жекжат.

Жекжаттың ұрқы – Жамағайын(ұрқыға айналады)

Жамағайынның ұрқы – Жұрағат(руға айналады)

Қазақтарда өзара құдандаласу – туажаттан басталады.

Шежірелерімізді біле жүрейік!

Қыздан туған баланы Қазақ – «Жиен» деген.

Жиеннің баласы – Жиеншар.

Жиеншардың баласы – Дегеншар

Дегеншардың баласы – Көгеншар

Көгеншардың баласы – Көбеңшар.

Көбеңшардың баласы – Тебеншар.

Тебеншардың баласы – Өлеңшар.

Халқымыз жиенді осылайша жеті атаға дейін таратқан.

Ал, сегізінші ұрпағын – «Қаймана»деген.

Жеті ата танымы…

Бірінші атаңыз – Әкеңіз.

Екінші ата – Ата.

Үшінші ата – Арғы ата.

Төртінші ата – Ұлы ата.

Бесінші ата – Тек ата.

Алтыншы ата – Түп ата.

Жетінші ата – Баба.

Сегізінші ата – Ұрқы.

Тоғызыншы ата – Ру (тоғыз байдалы ту көтеріп ру болған)

Біле жүрейік. Білгенге маржан…….

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<