Ұлт қайраткеріне арналған конференция

826

0

17 қарашада Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Ұлт қайраткері Мұстафа Шоқайдың есімін ұлықтауға арналған «Мұстафа Шоқайдың мемлекетшілдік мұраты: тарихи тағылым мен сабақтастық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция жұмысына белгілі алаштанушы ғалым, академик М.Қойгелді, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қ.Бегманов, тарих ғылымының докторы, Мимар Синан көркем өнер университетінің (Түркия) профессоры Ә.Қара, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының тарих институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Раджабов, Күтахия Думлупынар университетінің (Түркия) доценті, PhD доктор Веджики Сефа Фуат Хекимоғлы, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Арыс» баспасының директоры Ғ.Әнес, қоғам қайраткері, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Мұстафа Шоқай» ғылыми орталығының ғылыми жетекшісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Ә.Бәкір, сонымен қатар Түркия, Өзбекстан және еліміздің өзге өңірлерінен белігілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, облыстың зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен студент жастар қатысты.

Конференция барысында тарих ғылымдарының докторы, Мимар Синан көркем өнер университетінің (Түркия) профессоры Әбдіуақап Қараның «Кеңес Одағының түркі әлемі саясаты. Мұстафа Шокай» атты кітабінің және академик М.Қ. Қойгелдінің жетекшілігімен 2022-2023 жж. жарық көрген «Алаш ісі. 1920-1930 жж. ОГПУ жүргізген жасанды тергеу ісінің құжаттары мен материалдары» атты кітабының (1-том және 2-том) таныстырылымы жасалды.

Ғалымдар тарапынан Ұлт қайраткері Мұстафа Шоқайдың тұлғалық бейнесі мен қоғамдық-саяси қызметі туралы тың деректер негізінде мазмұнды баяндамалар жасалып, еңбегі мен шығармашылық мұрасы ұлықталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<