Ұлттық арна тартуы

1394

0

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жылдың басты жобасы – ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай» және Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби» телехикаяларын мереке күндері қалың көрермен назарына ұсынады.

Ұлттық арна тартуы

«Абай» телехикаясы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы негізгі оқиғаларды арқау ете отырып, Абай өмір сүрген кезеңді бейнелейді. 6 бөлімнен тұратын сериалда ақын өмірінің үш кезеңі қамтылған. Абайдың кемеліне келген шағын Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов, жас Абайдың бейнесін Ғ.Мүсірепов атындағы жастар мен жасөспірімдер театрының актері Дархан Сүлейменов, ақынның бозбала шағын актер Әли Тұрсынхан сомдады. Құнанбай рөліне ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Қаптағай, Абайдың анасы Ұлжан рөлін сомдауға белгілі актриса Гүлшат Тұтова, әжесі Зеренің рөліне Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Рахилям Машурова таңдалды.

«Абай» – ұлы ақын туралы жарық көріп отырған алғашқы телехикая. Телехикая Абай елінде түсіріледі деп жоспарланғанымен, қатаң карантиндік шараларға байланысты түсірілім жұмыстары Алматы облысында өтті. Арнайы құрылған декорация мен қазақ ауылы Абай өмір сүрген кезеңнің сипатына сай көрініс тапты.

Ұлттық арна тартуы

Сондай-ақ, Корпорация Әл-Фараби туралы телехикаяның түсірілімін аяқтады. Әлемге ортақ тұлға десек те, ол туралы ешбір елде сериал түсірілмеген еді. 7 бөлімнен тұратын сериалда Әл-Фарабидің адамзатқа «екінші ұстаз» атанып, ғылымның шыңына шыққан Дамаскідегі кезеңі мен Отырарда өткен жастық шағындағы көріністері қатар өрбиді.

Ұлттық арна тартуы
Қос туындыда ұлы ғұламалардың өмірін терең мазмұндық тұрғыдан насихаттауға маңыз берілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<