Ұлттық байқау сырдың сұлу есімдерін атады

775

0

Ел тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан» телерадиокорпорациясы  «30 жыл – 30 есім» атты ұлттық байқау ұйымдастырған болатын.

Осы байқауда үш бірдей жерлесіміз жеңімпаз болып танылды.

Олар – академик, атақты математик Асқар Жұмаділдаев, ауыр атлет, төрт дүркін Әлем чемпионы Илья Ильин және дарынды әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елмұра Жаңабергенова.

Байқаудың бірінші кезеңінде Тәуелсіздіктің 30 жылында еліміздің ғылым, білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мәдениет, спорт, кино, дәстүрлі өнер саласында жетістікке жеткен өз ісінің шеберлері іріктелген болатын. Жерлестеріміз осы саптан көрінген соң комиссия шешімімен екінші кезеңге өтті. Ереже бойынша үміткерлерге «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ресми сайтында жалпыхалықтық дауыс беру жүргізілді. Осылайша, нағыз дүрлер мен дүлдүлдерді халық дауысы анықтап берді.

Біз барша сырбойылықтар атынан жеңімпаздарды ерекше жетістігімен құттықтаймыз. Қазақ елінің ғылымын, мәдениетін, спортын асқақтатып жүрген саңлақтарымызға өмір бақытын, көңіл шаттығын тілейміз.

Елімізге жасаған қызметтеріңіздің өтеуі кейінгі балаларға өнеге болсын. Жеңіс жеңіске ұлассын!

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<