Ұлттық кеңестің құрамы аймақтағы белсенді азаматтармен толықты – Қошанов

715

0

Ұлттық кеңес «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді іске асыратын құрылым ретінде қалыптасты. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биыл Ұлттық кеңестің құрамы аймақтағы белсенді азаматтармен толықты. Соның нәтижесінде кеңес аясында бірқатар өңірлік мәселелер мұқият зерделенуде. Осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Кеңес мүшелері нақты ұсыныстар әзірлеумен бірге реформаларды ойдағыдай жүзеге асыруға атсалысып келеді. Әріптестеріміз Парламент палаталары мен министрліктер жанындағы жұмыс топтарының жиындарына да қатысуда. Осылайша Ұлттық кеңес Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді іске асыратын құрылым ретінде қалыптасты», деді отырысты ашқан Ерлан Қошанов.

Оның айтуынша, пандемия жағдайындағы карантиндік шектеулерге байланысты кеңес отырысы онлайн форматта өткізілуде.

Жиынға Ұлттық кеңес мүшелері 7 өңірден қатысып отыр.


© egemen.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<