Ұлттық киім – ұлт бейнесі

1195

0

Қазақ киімі халықтың сан ғасырлық тарихын, мәдениеті мен мұрасын бейнелейді. Бүгінгі таңда заманауи сән мен ұлттық киімдер сәтті үйлеседі. Қазіргі таңда мұндай түрдегі киімдер жастарды көбірек қызықтыруда және мерейтойлар мен туған күндерге жақын адамдарға ұлттық нақыштағы киімдерді сыйға беру сәнге айналды.

Ұлттық киім тігу өте күрделі мәселе. Кәсіби тігіншілер қазақ костюмінің көптеген қыр-сырын білуі, ою-өрнектер мен ұлттық кестелерді меңгеруі тиіс. Облыста ұлттық киім тігумен айналысатын кәсіпкерлердің бірі – ЖК «Aiman abdi атауымен Сүйінтаева Айман Ғалымбекқызы»

Кәсіпкер жоғары сапалы эксклюзивті ұлттық киім, шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуіне арналған костюмдер, түрлі ассортименттегі заманауи үлгідегі ерлер, әйелдер және балалар киімдерін, сондай-ақ этно турдегі қазақ бояуы бар бомберлерді шығарады. Тапсырыс бойынша киім тігуді заманауи технологиялық жабдықта кәсіби тігіншілер орындайды.

Кәсіпкер «Aiman abdi»– 2022 жылы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша кәсібіне жылжымайтын мүлік сатып алу мақсатында «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы несие алып, «Даму» Қорының қолдауына ие болып, несие бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6%-ға түсірілді.

– Ұлттық ою-өрнектері бар киімдер жасай отырып, халқымыздың рухани-мәдени мұрасын насихаттауға өз үлесімді қосып жатқанымды сезінемін және барша халықты да шақырамын, – дейді Айман Ғалымбекқызы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<