ҰЛТТЫҚ КИІММЕН ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ

5

0

Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы университетінің №5 оқу ғимаратында орналасқан №253 референдум учаскесінде комиссия мүшелері сайлаушыларға ұлттық киіммен қызмет көрсетуде.

Еліміздегі маңызды саяси науқан – референдум күні таңғы сағат 07:00-де басталды.

Осы сәттен бастап учаскелік комиссия мүшелері дауыс беру процесін ұйымдастырып, тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Комиссия мүшелерінің айтуынша, бұл бастама Наурыз мейрамының онкүндігі аясында ұйымдастырылған. Ұлттық киім кию арқылы олар қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеп, сайлаушыларға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлауды мақсат еткен.

№253 учаскелік комиссиясының мүшесі Жолаева Лаула Мұхтарқызы дауыс беру процесінің басталғанын хабарлап, учаскенің жұмыс барысымен таныстырды.

Айта кетейік, ұлттық киіммен қызмет көрсету – Наурыз мерекесінің мәнін арттырып, ел тарихы мен мәдениетіне деген құрметті айқындайтын игі бастама.