Ұлттық мәдениетке жат киім киюге тыйым салынды

258

0

Фото: ашық дереккөз

Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон «Тәжікстан Республикасындағы мерекелер мен әдет-ғұрыптарды реттеу туралы» заңға қол қойды. Ол елде «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге тыйым салынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Ховар ақпарат агенттігі жазды.

Эмомали Рахмон 35 заңға қол қойды, оның ішінде «Тәжікстан Республикасындағы мерекелер мен әдет-ғұрыптарды реттеу туралы», «Баланы оқыту мен тәрбиелеудегі жауапкершілік туралы», «Тәжік ұлттық университеті туралы», «Тәжікстан ұлттық университеті туралы», «Есептеу көрсеткіштері туралы» заңдар және т.б. бар.

«Тәжікстан Республикасындағы мерекелер мен әдет-ғұрыптарды реттеу туралы» заңда басқалармен қатар «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге және сатуға тыйым салынады. Заңды орындамағаны үшін айыппұл қарастырылған. Бұл ретте киімнің қай түрі «ұлттық мәдениетке жат» деп саналатыны нақты көрсетілмеген.

Ховар мәліметінше, жаңа редакциядағы заңдар ұлттық мәдениеттің шынайы құндылықтарын қорғауға, мерекелер мен салт-дәстүрлерді өткізу кезінде ырымшылдық пен наным-сенімге, ысырапшылдыққа жол бермеуге, Тәжікстан халқының рухани және әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтеруге, сондай-ақ баланың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, баланы адамгершілік, патриоттық мақтаныш, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу рухында оқыту және тәрбиелеуге бағытталған. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<