Ұлттық қордан әр балаға аударылған қаражатқа салық салынбайды

473

0

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында жыл сайын қаңтарда жеткіншектердің шотына қаражат аударылады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бала өмірге келген кезде шоттар Әділет министрлігінің жеке тұлғалар дерекқорының ақпараты негізінде автоматты түрде ашылады. Жыл сайын 1 қаңтарда бала 18 жасқа толғанға дейін шоттарға қаражатты шартты түрде есептеу жүргізілетін болады. Қаражатты мақсатты пайдалану үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзара іс-қимыл жасайтын уәкілетті операторлар анықталады. Бұл тұрғыда «Отбасы банк» АҚ, «Қаржы орталығы» АҚ, екінші деңгейдегі банктер қамтылады», – деді Д. Темірбеков Сенат депутаттарымен кездесу кезінде.

Оның айтуынша, шотта жинақталған қаражатты 18 жасқа толғандар ғана пайдалана алады.

«Жобаға Қазақстан Республикасының азаматы саналатын балалар қатысады. Сондай-ақ, бұл шот қаражатын салық салудан босату ұсынылды», – деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Дәурен Темірбеков «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында аударылатын қаражат туралы айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<