Облыстық білім басқармасының басшысы М. Шермағанбет қаламыздағы М. Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейіне барып, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын «Ұлттық құндылық. Кемел болашақ тақырыбындағы ата-аналармен бірлескен семинарға қатысты.
Басқарма басшысы оқушылардың «Оқуға құштар мектеп», «Балалар және театр», «Ұшқыр ой алаңы» дебат қозғалысы, өзін-өзі басқару «Мектеп парламентінің», «Жылыжай жасыл академиясы» жобасы аясындағы іс-шаралар жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, талантты «Қылқалам» балалар үйірмесі, қолөнер көрмесі мен ұлттық спорт ойындарын тамашалады. Жобалар жұмыстарынан кейін басқарма басшысы мен семинарға қатысушы ата-аналар жылыжайдағы «Ізденіс» жасыл академиясының іс-тәжірибесін көріп, жылыжай ішін автоматтандыру жұмыстарын көрді.
Шара соңында Мейрамбек Зинабдинұлы «Qyzylorda» телеарнасымен бірлескен «Қош келдіңіз» бағдарламасы аясында оқушылармен кездесіп, сауалдарына жауап берді.
Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<