Ұлттық құндылықтарды дәріптеу маңызды

1252

0

Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі мен “Асыл мұра-Орда” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында, қолөнер шеберлігі мен қыз тәрбиесі туралы кездесу өтті.

Шарада “Қарлығаш” шеберлер орталығының негізін салушысы Қарлығаш Ілиясова мастер-класс өткізді.

Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Халықтың қолөнеріне әдет-гұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасалатыны туралы айтылды.

Бала – Алланың адамзатқа берген аманаты. Ата-бабаларымыз баланы өмірінің мәні санаған. Иманды ұл, ибалы қыз тәрбиелеуді өз өмірінің басты қағидасына, міндетіне жатқызған. Шындығында қыз тәрбиесінде абыройы мен ар-ұяттын сақталуы, келешек өміріне даярлығы ата-анаға оңай болмайтынының дәлелі. Қазағымыздың дана сөздерінде «ұл тәрбиелесең әулетті тәрбиелегенің, қыз тәрбиелесең ұрпақты тәрбиелегенің» туралы сөз болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<