Ұлттық салт-дәстүрімізді қаншалықты білеміз?

860

0

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында Достық үйінде облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен интеллектуалдық сайыс өтті.

Ұлттық құндылық пен дәстүрдің маңызын меңгерте отырып, жастарды рухани құндылықты қадірлеуге арналған сайысқа қаладағы мектеп оқушылары қатысты. Шарада «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайысты «Достық үйіндегі» тілдерді оқыту кабинетінің жетекшісі Гүлзира Сәрсембек жүргізді. Қаладағы 8 мектептен келген оқушылар «Болашақ», «Шабыт», «Бірлік»,  «Көркем», «9 мектеп», «171 mektep», «172 mektep», «173 school» топтары  болып бөлініп, сайысқа белсене қатысты.

Ұлттық салт-дәстүрімізді қаншалықты білеміз?

Оқушылар карантин режимін сақтай отырып, үш бағыт бойынша өз білімдерін сынап көрді. Kahoot.it цифрлық smart сервисі арқылы қосылып, бірінші қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін көрсетіп, кеңейтті.  Екінші мақал-мәтелді жалғастырып, оны үш тілде  аударды. Ал үшінші Наурыз мерекесі жайлы логикалық сұрақтарға жауап берді. Әр бағытта оқушылардың шапшаңдығы мен білімі көрінді.

Сайыс нәтижесінде бірінші орынды №7 мектеп-лицейінің оқушылары, екінші орынды №112 Н.Ахмадееваның атындағы орта мектептің оқушылары, үшінші орынды №173 Ә.Молдағұлова атындағы орта мектептің оқушылары жеңіп алды. Барлық қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды,  жеңімпаздар диплом және сыйлықтар иеленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<