Ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті

164

0

Фото: Шиелі ауданының әкімдігі

⚜️Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 20 маусым күні Құрбан айт мерекесіне орай Шиелі аудандық спорт клубында
ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Аудан тұрғындарының арасында өткен тартысты бәсекеге кент және ауылдық округтерден 10 команда қатысты.

⚜️Жүлделі орын иеленген командалар мен сайысқа белсене қатысушылар диплом, алғыс хатпен марапатталып, қаржылай сыйлықтар берілді.

⚜️Барлық спорт түрінен оқ бойы озып шыққан Бестам ауылынан «Досман қажы» мешіті командасы І орынды иеленіп, 100 000 мың теңгелік қаржылай сыйлықпен марапатталды. ІІ орынды иеленген Телікөл ауылы «Телікөл мешiтi» командасына 70 000 теңге, ІІІ орынды жеңіп алған Тұран ауылы «Парманқұл-Халфе» мешіті командасына 50 000 мың теңге және қалған қатысушы барлық командаларға 15 000 теңгеден ынталандыру сыйлықтары табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<