Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро) пайдаланушылар және респонденттермен әрдайым кері байланысты қолдау мақсатында Бюроның Фронт-офисі құрылды.
Фронт-офис келесі арналарды пайдаланады:
«1446» Бірыңғай байланыс орталығы, соның ішінде «Бір терезе» қызметі /статистикалық нысандарға қатысты барлық сұрақтарыңыз бойынша/
Telegram-bot @statgovkz_bot /статистикалық есептілік нысандарын жетілдіру бойынша ұсыныстарды жолдау, статистикалық нысандар бойынша қателерді сипаттайтын скриншот жіберу мүмкіндігі/
www.stat.gov.kz Интернет-ресурсының «Онлайн-кеңесші» модулі
Орталықтандырылған кіру нүктесін құру барлық өтініш көздерін біріктіруге мүмкіндік береді (Бірыңғай байланыс орталығы, онлайн кеңесші, Телеграм-бот, «бір терезе» қызметі).
Осылайша, пайдаланушылар Бюромен байланысудың ыңғайлы және жылдам әдісін алады. Өз кезегінде Бюро ашықтық есебінен жұртшылықтың статистикалық қызмет туралы хабардарлығын арттырады.
Ұлттық статистика бюросының
Қызылорда облысы бойынша департаменті
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<