Ұлттық ұлан сарбаздарына алғыс айтты

606

0

Фото: ашық дереккөз

Ұлттық ұлан сарбаздары Астанада екі кештің арасында жоғалып кеткен қызды анасымен қауыштырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 28 қаңтарда сағат 18:40 шамасында болған.

«Құрамында қатардағы жауынгерлер Марат Сапарбаев, Ертілеу Тайтілеуов және патрульдік тағылымдамадан өтіп жүрген Халбай Халбай мен Дүйсен Исламбек бар әскери жасаққа Т. есімді әйел қызының жоғалып кеткенін айтып, іздеуге көмек сұрайды. Әскери жасақ елорданың Алматы ауданындағы «Отау» тұрғын үй кешені маңында қызмет атқарып жүрген болатын. Анасының айтуынша, 5 жасар қыз шағын базарда жоғалып кеткен», – деп жазады Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Анасы қызынан көз жазып қалғанын кеш байқайды. Жарты сағат өз бетімен іздеп көргенімен нәтиже болмапты.

«Жарты сағат бойы іздеп таппаған соң, сонда жүрген сарбаздарға өтініш айтқан. Мән-жайды білген қатардағы жауынгер М. Сапарбаев дереу патрульдік топ бастығы сержант Арроббой Содиковке ақпарат береді. Сержант әскери жасақ бастығы кезекші капитан Азамат Тушкеновке баяндап, жақын маңдағы бағдарлар бойынша іздеу жұмыстарына кірісіп кетеді.

15 минуттан кейін Ұлттық ұлан сарбаздарының көмегімен жоғалған қыз табылып, ата-анасына табысталды. Тоңып қалған балақай бірнеше көпқабатты үйлерден өтіп, ұзап кеткен екен. Анасы Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне, олардың командирлері мен ата-аналарына үлкен алғысын білдірді», – делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<