Ұлттық жоба аясында бірқатар мәселелер қаралды

276

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Бүгінгі Үкімет отырысының күн тәртібінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы, су тасқыны бойынша ахуал қаралды.

Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы мәжіліс өткізіп, берілген тапсырмалар бойынша алдағы жұмыс бағыттарын нақтылады.

Ал, аудан әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде атқарылатын жұмыстар пысықталды.

Аудан басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ арқылы Жалағаш кентінде биыл 300 орындық жаңа мектеп құрылысын салу жоспарлануда. Осы орайда, тиісті жер учаскесі белгіленді. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ғалымжан Алекбарұлына құрылыс жұмыстарын жүргізетін «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының қызметкерлерімен «Жайлы мектеп» жобасы бойынша мәселе туындамауы тиіс екенін жеткізді.

– Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте су тасқыны жағдайы туралы айтылды. Бұл мәселе Үкіметтің де үнемі бақылауында.

Бұл ретте, облыс бойынша қауіпті учаскелерді нығайтуға бюджеттен тиісті қаражаттар бөлінуде.Оның ішінде, Жалағаш ауданындағы М.Шәменов ауылы маныңдағы Сырдария өзенінің оң жағалауындағы «Самит арна-Шөмен қайыры» учаскесі аралығындағы қорғаныс бөгетін (3855 метр, 15982 м3) күшейту-нығайту жұмыстарын атқаруға облыстық бюджеттен 32,9 млн. теңге бөлінді, – деген аудан әкімі Ардақ Әбдіғаппарұлы жоспарланған жұмыстар жоғары деңгейді атқарылу қажет екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, аудан әкімі Ардақ Әбдіғаппарұлы аудандағы кадрлық өзгерістерге тоқталып, аудандық аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысын таныстырды.

Айта кетейік, Жамалатов Еркебұлан Сырмағанбетұлы бұған дейін де еңбек жолында бірқатар басшылық қызметтерді абыроймен атқарып, мемлекеттік қызметшінің іскерлігін шыңдайтын сатылардан өтіп, тәжірибе жинады. Енді жаңа қызметін де абыроймен атқарып, аудан дамуына үлес қосады деп сенеміз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<