Ұлы Абайдың есімі Парижде ұлықталды

179

0

Фото: Қазақпарат

Абай Құнанбайұлының 179 жылдығына орай Қазақстанның Франциядағы Елшілігі Париж ақындарының алаңында еске алу іс-шара өткізді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлім етті. 

Ұлы ақынды ҚР Елшілігінің ұжымы, Парижге келген отандастарымыз, Қазақстан ұлттық құрамасының 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері еске алды.

Абай күні
Фото: ҚР СІМ

Абай күнін мерекелеу қазақ және француз тілдерінде өлеңдер, ақынның Қара сөздерін оқумен жалғасты.

Абайдың бюсті 2021 жылы француз әдебиетінің ұлы жазушыларына арналған ескерткіштер орналасқан Square des poètes саябағында ашылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<