Ұлы Отан соғысы ардагеріне құрмет көрсетті

1238

0

Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Ұлы Отан соғысының ардагері Тілеуберген Тобабергеновке арнайы барып, 9 мамыр – Жеңіс күнімен және Ұлы Жеңістің 78 жылдығымен құттықтады.

Сіз секілді ел үшін жанын қиған майдангерлер болмағанда, бүгінгі Тәуелсіз Отанымыз болмас еді. Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан Сізге кейінгі ұрпақ атынан мың мәрте алғыс айтамын.
Сіздер сияқты жеңімпаздардың ұрпағы екенімізді әрдайым мақтан етеміз. Сіздер көтеріп, желбіреткен намыс пен қайраттың туы, Жеңістің биік рухы жаңа ұрпақты тек өрге жетелегей, – деді аудан басшысы.

Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы майдангерге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен ҚР Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың құттықтауын жеткізіп, “Қазалы ауданының құрметті азаматы” атағын табыстады.

Құрметке бөленген соғыс ардагері өңір басшыларына алғысын білдіріп, батасын берді.

Қазалы ауданы әкімінің

баспасөз қызметі

Ұлы Отан соғысы ардагеріне құрмет көрсетті
Ұлы Отан соғысы ардагеріне құрмет көрсетті
Ұлы Отан соғысы ардагеріне құрмет көрсетті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<