Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат

942

0

Бүгін «9 мамыр — Ұлы Жеңіс күні» қарсаңында Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Ақмешіт» мөлтек ауданында орналасқан «Белгісіз солдат» бейітінде (ҰОС кезінде қайтыс болған солдаттар) тазалық, әрлеу және қабір сыртын ішінара қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Ұрпақ санасында жеңісті жақындатқан майдангерлерге құрмет пен ел үшін оққа ұшқан ерлердің ерлігін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шараға Байқоңыр қаласының 30-ға жуық жұмысшы жастары қатысты. Сонымен қатар, 100-ге жуық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының жас сарбаздары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Қызылорда қаласындағы әскери-техникалық мектебінің тәлімгерлері және Қызылорда қаласының белсенді жастары мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мазмұнды шараға белсене атсалысты.

Биыл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына — 78 жыл. Қанды қырғынды өз көзімен көріп, от кешкен кешегі солдаттар, бүгінгі ардагерлер қатары күннен күнге сиреуде. Ал қан майданда қаза тауып, әлемнің әр бұрышында жерленген солдаттар рухына кейінгі ұрпақ мәңгілік тағзым етуі қажет.

Шара аясында тазалық акциясының қатысушыларына Жеңіс лентасы таратылды. Солдаттар рухына құран бағышталып, мәңгілік батырлар ерлігі ұлықталды.

Ұлы жеңіс - ұрпаққа аманат
Ұлы жеңіс - ұрпаққа аманат
Ұлы жеңіс - ұрпаққа аманат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<