Ұлыбритания Қазақстанның вакцинация паспортын мойындады. Бұл туралы Ұлыбританияның ресми сайтында айтылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Әлемдік нарықпен байланысты одан әрі қалпына келтіреміз. 11 ақпанда таңғы сағат 4-тен бастап Қытай мен Мексиканы қоса алғанда, тағы 16 елдің вакцинация паспортын мойындаймыз. Осылайша, жалпы тізімге бүкіл әлем бойынша 180-нен аса ел мен аймақ кіреді. Мемлекеттер мен аймақтардың толық тізімін gov.uk сайтынан табуға болады», – делінген сайтта.
Ұлыбритания мойындаған вакциналар мен вакцинация паспорттары бар елдер тізімі көрсетілген бетте Қазақстан туралы ақпарат пайда болды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<