Ұлылықтың басында ұстаз тұрар қашанда

947

0

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының облыс бойынша филиалының аға оқытушысы, «Сыр қойнауы» бағдарламасының авторы, ұлағатты ұстаз Мария Орманованың 60 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

Салтанатты жиында колледж директоры Жақсыгүл Тоғанова мерейтой иесін төл мерекесімен құттықтап, жүрекжарды тілегін білдірді.

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беруде, балалардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, келешегіне бағыт-бағдар сілтеуде ұстаздың еңбегі орасан зор. Баланың қиялын көкке көтеретін де жақсы ұстаз. Сондай ұлағатты ұстаздардың ұясы – Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі.

Шарада «Жас толқын» шығармашылық жастар үйірмесінің мүшелері мәртебелі мейманға арнап өлең-жыр тарту етті. Аталған колледждің «Өнер» бөлімінің оқытушысы Айқын Кенжеғараева және өнерпаз жастар мерейтой иесіне арнап әннен шашу шашып, ыстық ықыластарын жеткізді.

Мерейтой иесі Мария Орманова білім саласының дамуына ерекше  үлес қосқан ұстаздардың бірі. Кеш соңында Мария Айтбайқызы колледж ұжымына ризашылығын білдіріп, бірқатар ұстаздарға филиал директорының Алғыс хатын табыс етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<