ҰҚК ардагерлері елордада жиналады

714

0

Қазақстанның түкпір-түкпірінен Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері астана төрінде жиналады. Ардагерлердің басын біріктірген келесі мәселелер: жастардың тәрбиесіне назар салу, ҰҚК жас қызметкерлерін патриотизмге, туған жерге деген адалдыққа, оның мүддесін қорғауға тәрбиелеу.

Қызылорда облысының және Байқоңыр қаласының бұрынғы МҚКБ-ҰҚКД қызметкерлеріне ауқымды бағдарлама ұйымдастырылған. Олар орталық кеңес кеңсесінде «ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері» АҚҰ төрағасы Кенжеболат Бекназаровпен кездесу өткізеді. Ағымдағы міндеттерді орындаумен қатар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылайды, осы тарихи құжатта атап айтылған тұжырымдамалық мәселелер бойынша пікір алмасады.

Сондай-ақ, ардагерлер Қазақстанның алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуын, азаматтарының құқықтары мен еркіндігін, жалпы білім беру деңгейін жетілдіруді, халықтың, оның ішінде зейнеткерлердің денсаулығын және әл-ауқатын жақсарту бағытын толықтай қолдайды.

Мәдени бағдарлама аясында 8 қыркүйек сағат 11:00-де қонақтар Ахмет  Байтұрсыновтың ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысады, сонымен қатар ЭКСПО-17, Жаңа мешіт, «Алжир» музейі сияқты елорданың ерекше жерлерін тамашалайды. 

Айта кетейік, кездесу «ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы К.Бекназаровтың жетекшілігімен өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<