Ұлы Отан соғысының жауынгері, гвардия кіші лейтенанты, ІІ дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің иегері Сауда Мәдиұлы Ормановтың атына Жалағаш кентінен көше берілді.
Батыр атындағы көшенің ашылу салтанатына аудан әкімі Есжанов Асқарбек Темірбекұлы қатысты.
“Бүгін Сауда Мәдиұлы әкеміз сексен жылдан кейін елмен қайта қауышып жатыр. Елім деген ерлердің есімін ардақтау, ұлықтау – кейінгі толқын, жас ұрпақты елді, туған жерді сүюге, ерлікке бастайды.
Бүгінгі салтанатта Сауда Мәдиұлы әкеміздің есімімен аудан орталығындағы бір көшенің аталуы – құптарлық іс, ерлікке тағзым деп білемін” – деді, аудан әкімі.
Сондай-ақ, аудан әкімі Асқарбек Темірбекұлы тылда тынбай еңбек майданын бағындырған Мұхамеджан Дәндібаевтың және Ұлы Отан соғысының ардагері Медетбай Байжановтың жұбайы Оразкүл Байданованың шаңырағына арнайы барып, Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<