Ұрпақ жадында жаңғырған тұлға

664

0

Іс-шараға қайраткермен бірге қызмет еткен әріптестері Нұрлыбай Ұлықпанұлы, Асылбек Жұмабаев, Күләй Ермағанбетова, Ұлбосын Сейтжанова, Жаңылған Сарашова, «Сыр медиа» серіктестігі директорының бірінші орынбасары Марат Аралбаев және Т.Есетовтің ұлы Асқар қатысты.

– Қатар қызмет еткен  кезде оның  қарапайымдығын  көрдік. Өзіне сеніп тапсырылған барлық жауапты жұмыстарды абыройлы атқарды. Қоғам қайраткері, саясаткер, жетекші ретінде де көп еңбек етті. Ардақты азаматтың өнегелі өмірін жас ұрпаққа үлгі етіп мектепке атын беріп, музей ашқан білім саласы басшыларына рахмет. Тәкей Есетов нағыз құрметке лайықты ер азамат еді. Жас буын аталары туралы біліп өсіп жатқанына қуанамыз, – деді Нұрлыбай Ұлықпанұлы.

Кездесуде қонақтар тұлға жайлы түрлі естеліктерді бөлісті. Өмірдерегін,  жетістіктері мен кітаптарын, суреттерін көрді. Білім ошағы  2016 жылдан бері қоғам қайраткері есімімен аталады.

Ал 100 жылдыққа арналған іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Мектеп-лицей директоры Бек Тумырзаев қонақтарды мектептегі жаңашылдықтармен таныстырды. Білім ошағы жаңа заман тынысымен қарышты дамып келеді. Басшы БАҚ өкілдерімен бірге оқушылардың шығармашылығын арттыру үшін бірлесіп жұмыс істемек ниетте.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<