«Ұшақпен қызыл зат шашқан». Министрлік Желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді

946

0

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде «Қазақстан аумағында ұшақ пен тікұшақтардың көмегімен вирус пен биохимиялық қару шашылып жатыр» деген жалған видеолар тарап жатыр – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ІІМ мамандары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бейнематериалдардан тұратын жазбаларды анықтады. Онда автор кадрлардың Қазақстанда түсірілгенін айтады. ІІМ Тергеу департаменті көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Министрлік бейнежазбаның толық нұсқасын зерттеді, ол видеороликтағы ұшақ – АҚШ-тағы өртті сөндіруге жұмылған Tanker Air Carrier 914 екенін көрсетті«, – деді министрлік өкілдері.

Тарап жатқан видео, алдын ала мәлімет бойынша, америкалық Goal Aircraft жекеменшік әуекомпаниясының Facebook желісіндегі парақшасынан көшірілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<