Ұшқан ұя ұлағаты

7

0

Қазалы қалалық кітапханасы «100 кітап» жобасы аясында Қазалы аграрлық-техникалық колледжінде қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы, Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі негізінде «Ұшқан ұя ұлағаты» атты оқырмандар конференциясын ұйымдастырды.

Мақсат – шығармада суреттелген салт-дәстүр, тарихи-мәдени құндылығымызды насихаттау. Көпшіліктің Отанға деген құрметін арттыру, аталар ерлігін дәріптеуге, өнегелі істерін жалғастыруға баулу, ұлт­жан­дылыққа, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.

Әйгілі еңбекте жазушы ауылдың қарапайым, аңғал, момын адамдарын көр­сетіп, кейіпкерлерін қайырымды, әдет-ғұрыптарды қадірлеп қастерлеушілер ретінде бейнелейді. Конференцияға кітап­ха­наның тұрақты оқырмандары Өмірбек Күлімбетов, Садуақас Құтеке, Қазихан Ілиясов, Күләш Бейсенова, коллдеж оқы­тушысы Жәния Ысмағұл, кітапханашы Алтынгүл Сансызбай, №16 мектеп-лицей мұғалімдері Қырмызы Еркебалаева, Гүлбарам Жауғашарова, Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп мұғалімдері Гүлнар Аметова, Майра Разақова, колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Олар жазушының еңбегін талқылап, «Азамат. Қаламгер. Қаһарман» атты кітап көрмесін тамашалады. Шара барысында «Ұшқан ұя ұлағаты» атты презентация оқырман назарына ұсынылды.

Конференцияға белсене қатысқандар кітапхана басшылығы тарапынан Алғыс хаттармен марапатталды.

Ж.ЕРІМБЕТОВА,

Кітапханашы